Шыңғырлау аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында «Цифрлық орта» тақырыбында пікірталас өтті.

Шараның басты мақсаты — жастардың сыни ойлау қабілетін арттыру, цифрлық сауаттылық пен интернеттегі жауапкершілік мәселелерін талқылау және ашық пікір алмасу алаңын құру.
Сайысқа «Импульс», «Дәлел» және «Сана» командалары қатысып, цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері, әлеуметтік желілердің ықпалы, кибермәдениет пен жалған ақпараттан сақтану жолдарын ортаға салды.

Қатысушылар цифрлық ортаны білім мен кәсіпке тиімді пайдаланумен қатар, виртуалды кеңістіктегі жеке жауапкершілік пен саналы таңдаудың маңыздылығын баса айтты.
Сара Шакрат,
Шыңғырлау ауданы