PrimeMinister.kz редакциясының шолуына сүйенсек, 2025 жылы еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитындар саны 13,7%-ға өсіп, 562 мың адамға жетті.

Фото: Мәди Салық
Кадр даярлау үдерісін еңбек нарығының сұранысына бейімдеу мақсатында 500-ге жуық білім беру бағдарламасы әзірленіп, жаңартылды.
Қазіргі таңда колледждердегі мамандарды оқыту тікелей отандық кәсіпорындар мен экономиканың нақты секторының қажеттіліктеріне бағдарлануда.