Бағдарламаның шарттары қандай? «Отбасы банк» әйелдерге арналған «Ұмай» тұрғын үй бағдарламасын іске қосты. Бағдарлама бойынша өтінім қабылдау бүгін, 31 тамызда басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сурет: Сайт архивінен
Бағдарлама әйелдерге тұрғын үйді төмендетілген бастапқы жарнамен сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл ретте басқа жылжымайтын мүліктің болуы шектеу болып саналмайды. Сондай-ақ тұрғын үйді тіркелген мекенжайына қарамастан Қазақстанның кез келген қаласынан сатып алуға болады.
Несиелеуге қажетті қаражатты Азия даму банкі ұсынады. Қаржыландыру кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Алғашқы 9 млрд теңге көлеміндегі қаражат «Отбасы банкке» аударылған.
Кімдер несие ала алады?
Бағдарламаға қатысу үшін қарыз алушының соңғы алты айдағы ресми табысы болуы қажет. Отбасының орташа айлық таза табысы 1,25 млн теңгеден аспауы тиіс.
Несие бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі 14,8% болады. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 16,3%-дан 16,8%-ға дейін.
Несиенің ең жоғары сомасы – 50 млн теңге.
Бастапқы жарна тұрғын үй сатып алынатын қалаға байланысты белгіленеді. Астана мен Алматыда оның мөлшері тұрғын үй құнының кемінде 20%-ын, ал Қазақстанның басқа қалаларында кемінде 15%-ын құрайды.
Бұл ретте несие сомасы тұрғын үйдің сатып алу бағасы мен бағалау құнының қайсысы төмен болса, сол сома негізінде есептеледі.
Мысалы, Алматыда пәтер 32 млн теңгеге сатылып, оның бағалау құны 30 млн теңге болса, банк несие сомасын 30 млн теңге негізінде есептейді. Бұл жағдайда несие мөлшері бағалау құнының 80%-ын, яғни 24 млн теңгені құрайды. Қалған соманы қарыз алушы сатушыға өз қаражаты есебінен төлейді.
Қандай тұрғын үйді сатып алуға болады?
«Ұмай» бағдарламасы бойынша:
Сатып алынған тұрғын үй әйелдің атына рәсімделеді. Егер қарыз алушы некеде болса, баспана ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі ретінде рәсімделеді.
Сонымен қатар несие рәсімдеу кезінде қоса қарыз алушыларды тартуға мүмкіндік бар.
Өтінімді «Бейнеқызмет көрсету» арқылы қашықтан беруге болады. Сондай-ақ «Баспана маркет» интернет-платформасындағы жеке кабинет арқылы өтінім беруге немесе құжаттарды банк бөлімшелеріне тапсыруға болады.
Жөндеуге 15 млн теңгеге дейін несие беріледі
«Ұмай» бағдарламасы аясында қарыз алушы өзі тұрып жатқан тұрғын үйді жөндеуге 15 млн теңгеге дейін бөлек несие ала алады.
Банк салымшы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің барлық талаптарын орындағанға дейін алдын ала қарыз береді. Ай сайынғы төлем екі бөліктен тұрады:
Депозитте несие сомасының 50%-ы жинақталғаннан кейін, қарыз алушы жылдық 5%-ға дейінгі мөлшерлемемен тұрғын үй заемына ауыса алады. Бұл ретте жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 5,1%-дан 6,9%-ға дейін болады.
Жинақ шотында қажетті қаражаттың болуы тұрғын үй заемына мерзімінен бұрын ауысуға, сондай-ақ ай сайынғы төлем мен несие бойынша жалпы артық төлемді азайтуға мүмкіндік береді.