31.08.2026, 18:00
Оқылды: 5

«Мектепке жол» акциясы «Батыс» өңірлік қолбасшылығында өтті

Жаңа оқу жылы қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығында дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.

53aaae35-902d-409a-905a-4c9a9e804221

Акция аясында әскери қызметшілердің балаларына қажетті оқу құралдары табысталды. Сыйлық жиынтықтары отбасыларға қолдау көрсетіп, балалардың жаңа оқу жылына қажетті керек-жарақтарын дайындауға мүмкіндік берді.

1e0b49fa-6078-451c-b7ff-915e3e5082e8

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы полковник Нариман Ақбаров осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті:
«Әскери қызметшілеріміздің балалары жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл-күймен және қажетті оқу құралдарымен бастағаны біз үшін маңызды.

«Мектепке жол» акциясы – әскери қызметшілердің отбасыларына деген қамқорлық пен қолдаудың көрінісі. Балаларға оқуда табыс, жаңа білім және жарқын оқу жылын тілеймін!»

9902190f-caa7-468b-bfeb-15d47e0924cf

«Мектепке жол» акциясы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты барлық әскери бөлімдерде ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, Атырау, Ақтау, Жаңаөзен және Ақтөбе қалаларындағы әскери бөлімдерде әскери қызметшілердің балаларына оқу құралдары табысталып, жаңа оқу жылына дайындық барысында қолдау көрсетілуде.

Аталған акция әскери қызметшілердің отбасыларын қолдаудың және өскелең ұрпаққа көрсетілетін қамқорлықтың тағы бір көрінісі болды. Балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасау және әскери қызметшілердің отбасыларына қолдау көрсету «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әлеуметтік және тәрбие жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік
қолбасшылығының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале