31.08.2026, 23:00
Оқылды: 54

Әскери қызмет туралы фейк видео түсірген азамат жазаланды

ҚР Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Алматы қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде әскерге шақыруға қатысты жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

InShot_20260831_190446084

Фото:  modgovkz

Азамат 2026 жылғы 17 шілдеде Facebook желісінде ауруы бар азаматтардың да әскери қызметке шақырылуы мүмкін екені туралы бейнежазба жариялаған.

Құзыретті органдар тексеру жүргізіп, бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын анықтады. Мамандардың сөзінше, азаматтың әскерге жарамдылығы тек медициналық тексеруден кейін белгіленетін тәртіпке сай шешіледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале