Шыңғырлау ауданы мектептерінде Білім күніне арналған салтанатты жиындар өтті.

Жаңа оқу жылында өңірдегі 14 білім ошағында 2 127 оқушы білім алса, оның 215-і мектеп табалдырығын алғаш рет аттап отыр.

Л. Қылышев атындағы мектепте өткен мерекелік шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Миржан Нұртазиев қатысып, ұстаздар мен оқушыларды құттықтады.

Салтанатты жиын барысында жас ұрпаққа сапалы білім беруде көзге түскен бірқатар мұғалімге облыстық білім басқармасының алғысхаттары табысталды.
Светлана Байтенова,
Шыңғырлау ауданы