Шыңғырлау ауданындағы Л. Қылышев атындағы мектепте Ұлы Отан соғысының және ішкі істер органдарының ардагері, милиция подполковнигі Шакиржан Гайнуддинов есімі берілген «Жас сақшы» сыныбы ашылды.

Салтанатты шараға БҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Сағын Ерсайынұлы, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мен ардагерлер қатысты.

«Жас сақшы» сыныбы оқушыларға құқықтық тәрбие беріп, олардың бойында отансүйгіштік, заңға құрмет пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.

Жоба аясында жасөспірімдерге әскери-қолданбалы дайындық сабақтары мен профилактикалық шаралар ұйымдастырылады.


Сара Шакрат,
Шыңғырлау ауданы