Спорттық додаға ауданның елді мекендерінен және көршілес Ақжайық, Жәнібек, Бөкей ордасы аудандарынан келген командалар қатысып, өзара мықтыны анықтауда.

Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ернар Ильясов қатысып, жарысқа жиналған командалар мен жанкүйерлерге ізгі тілегін білдірді.
– Спорт – тек жеңіс пен жүлденің өлшемі емес, ол – тәртіптің, табандылықтың, бірлік пен жігердің мектебі. Бүгінгі турнирдің де негізгі мақсаты – әуесқой спортшылардың басын қосып, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, ауылдар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту. Әрбір қатысушы үшін бұл өз мүмкіндігін сынап, шеберлігін шыңдайтын жақсы мүмкіндік. Баршаңызға сәттілік тілеймін! – деді Ернар Ильясов.
«KAZTALOV CUP» турниріне Ақжайық, Бөкей ордасы, Жәнібек аудандарынан, Қазталов ауданының Қошанкөл, Қаракөл, Тайыр, Қараоба, Тереңкөл, Жалпақтал және Қазталов ауылдарынан командалар қатысуда.

Жарыс барысында командалар өзара тартысты ойын өрнегін көрсетіп, футбол алаңында шеберлік пен командалық үйлесімділіктің үлгісін танытпақ.
Жайна Қабиболла,
Қазталов ауданы