2.09.2026, 12:30
Оқылды: 15

Мемлекеттік марапат табысталды

Аймақ басшысы Нариман Төреғалиев білім беру саласында еселі еңбек етіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізген мамандарға мемлекеттік наградалар табыстады. Атап айтқанда, Президент Жарлығына сәйкес №47 жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімі Айымгүл Диярова және Оқушылар сарайының директоры Шолпан Сисенова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

791129881_1506721411499464_4711409815912172375_n

Облыс әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған Халықтық Конституцияда адами капиталды дамыту, білім мен инновацияны ілгерілету стратегиялық басымдық ретінде бекітілгенін атап өтті. Өңір басшысы жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде ұстаз еңбегі өлшеусіз екенін алға тартты.

791599711_4593524124213057_8209000941326671903_n — копия

- Президент Тамыз конференциясының пленарлық отырысында «Мықты мұғалім – сапалы ұлттың тірегі» деді. Шын мәнінде, ұстаз – ұлт болашағын қалыптастыратын ең жауапты мамандық иесі. Технология әлемді өзгерте алады, ал адамның дүниетанымын өзгерту – нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Сіздерге ерен еңбектеріңіз үшін алғыс айта отырып, мәртебелі марапаттарыңызбен құттықтаймын!, – деді Нариман Төреғалиев.

791599711_4593524124213057_8209000941326671903_n

Облыс әкімі ұстаздарға шығармашылық жетістіктер мен толайым табыс тіледі. Өңірде білім беру инфрақұрылымын дамыту, білікті педагогтер мен дарынды шәкірттерді қолдау шаралары жүйелі жалғасатынын жеткізді.

790970170_4389374781373912_5195198534168213718_n

Айта кетейік, Шолпан Сисенова 31 жыл, ал Айымгүл Диярова 37 жылдан бері білім беру саласында абыройлы еңбек етіп келеді. Қос ұстаз мемлекеттік марапатқа қол жеткізуде педагогикалық ұжымның да үлесі бар екенін айтып, жауапкершілік жүгі арта түскенін атап өтті.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале