ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, «Қала хикаялары» республикалық әдеби байқауына өтінім қабылдау басталды.

Фото: madenietaqparat
Проза жанрына бағытталған жоба жаңа есімдерді анықтау мен қолдауды мақсат етеді.
Байқауға Қазақстан азаматтары бұрын жарияланбаған, көлемі кемінде 10 авторлық баспа табақ болатын қала тақырыбындағы романдарын ұсына алады.
Өтінімдер 2026 жылғы 1 қыркүйек пен 31 желтоқсан аралығында qoljazba.bookfund.kz сайты арқылы қабылданады.
Үздік шығармалар 15 мың дана тиражбен басылып, ел кітапханаларына таратылады.