Түркістан қаласында аударыспақтан өткен Қазақстан Республикасының XIV чемпионатында Сырым ауданының балуаны, Ж. Досмұхамедов атындағы мектептің түлегі Нұрымжан Баймұханов 80 келі салмақ дәрежесінде жүлделі 2-орынды иеленді.

А. Шайхиев атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі бұл бәсекеде үш белдесу өткізіп, финалда жергілікті түркістандық балуанға есе жіберді.
Бапкер Төлеби Қайыржановтың шәкірттері бұған дейін де ел біріншілігінде биіктен көрінген: ересектер арасында Абай Кенжебаев және жасөспірімдер арасында Арман Өмір де күміс жүлде иеленген болатын. Нұрымжан осы жетістікті қайталап, мектептің жүлделі дәстүрін жалғастырды.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы