Бүгін еліміздің барлық білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылы басталды. Осыған орай «Әділет» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы білім күніне арналған іс-шараларға белсенді қатысты.

Облыстық филиал төрағасы Бауыржан Бектұрғанның жетекшілігімен партияның барлық деңгейдегі төрағалары мен белсенді мүшелері өңірдегі әртүрлі деңгейдегі мектептерге барып, ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

Кездесулер барысында партия өкілдері ұстаздарға жауапты еңбектеріне табыс тілеп, оқушыларға білім жолында сәттілік, жоғары жетістіктер мен жаңа мүмкіндіктер тіледі. Әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге алғашқы қадамдарының сәтті болуына және қызықты оқу жылын өткізуіне тілектестік білдірілді.

Бауыржан Бектұрған өз сөзінде білімнің ел болашағын қалыптастыратын маңызды құндылық екенін атап өтіп, жас ұрпақтың сапалы білім алуы қоғамның ортақ міндеті екенін жеткізді.

«Әділет» партиясы өкілдерінің айтуынша, Білім күні – ұстаз еңбегін бағалап, оқушыларға қолдау көрсетіп, жаңа оқу жылына жақсы көңіл-күймен қадам басуына тілек білдіретін ерекше күн.

Партия ұжымы барша ұстаздар мен оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік, шығармашылық табыс және жарқын жетістіктер тілейді.
“Әділет” партиясы БҚОФ баспасөз қызметі
