2.09.2026, 23:00
Оқылды: 5

​«Қала хикаялары» республикалық әдеби байқауына өтінім қабылдау басталды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, «Қала хикаялары» республикалық әдеби байқауына өтінім қабылдау басталды.

InShot_20260902_193711224

Фото: madenietaqparat

Проза жанрына бағытталған жоба жаңа есімдерді анықтау мен қолдауды мақсат етеді.

​Байқауға Қазақстан азаматтары бұрын жарияланбаған, көлемі кемінде 10 авторлық баспа табақ болатын қала тақырыбындағы романдарын ұсына алады.

Өтінімдер 2026 жылғы 1 қыркүйек пен 31 желтоқсан аралығында qoljazba.bookfund.kz сайты арқылы қабылданады.

Үздік шығармалар 15 мың дана тиражбен басылып, ел кітапханаларына таратылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале