2.09.2026, 12:15
Оқылды: 8

Жаңақалада ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған жаңа кәсіпорын ашылды

Жаңақала ауданы, Сүгірәлі елді мекенінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге бағытталған «Жаңақала Ет – өнімдері» ЖШС ет комбинатының ашылу салтанаты өтті.

14862efa-aa30-4e35-b525-b27a7f8cfff9 (1)

Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қажиев бой көтерген жаңа кәсіпорынның ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ, Ғалымжан Қалыбай, Айдар Тұрғамбек, Нұрбол Пайызов, Дәурен Абиев сынды мейман ел ағалары да жылы лебіздерін білдірді. Әрі қарай, лента қию рәсімі Ерлан Еркінұлы мен жеке кәсіпкер Арман Қайратұлына ұсынылды. Ғимаратқа енген қонақтар ақтан ауыз тиіп, бауырсақтан дәм татты. Екі айға жуық құрылыс жұмыстары жүргізілген бұл өндіріс орнының аумағы 300 шаршы метрді құрайды.

86bb1347-e4a8-4de4-a7d9-448bdf237b47 (1)

Оның 90 шаршы метрі мұздатқыш бөлмелері болса, қалғаны киік пен қой етін өңдеп, сұрыптау, қаптау сынды жұмыстар жүретін орындар. Кәсіпкер Арман Таңсықбаевтың айтуынша, алдағы уақытта 50-ге жуық аудан тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Жобаны жүзеге асыру барысында мемлекеттік бюджет қаражаты пайдаланылмаған.  Құны 100 миллион теңгелік жаңа өндірістік нысан кәсіпкердің жеке инвестициясы негізінде жүзеге асырылып, өндіріс орны толықтай өз қаржылық мүмкіндіктері есебінен іске қосылды.

6a47914e-0132-47b2-8256-ce2af24cf6cb (1)

Ел ішінде «Еңбек бар жерде – береке бар» деген жақсы сөз бар. Бүгінгі кәсіпорынның бой көтеруі – осы тәмсілдің нақты дәлелі. Кәсіпкерліктің жамуына серпін беріп, ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек өнімділігін аттыруға өз үлесін қосатын жаңа нысанға сәттілік тілейміз.

Ақерке Ғилымхан,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале