«ZIAT» ғылыми-әдістемелік орталығы «Менің үздік презентациялық сабағым» атты ІХ республикалық мұғалімдер сайысын ұйымдастырды. Қаратөбе колледжінің оқытушылары да жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтсақ, Қаратөбе колледжінің оқытушысы Аслан Имашев І орын, өндірістік оқыту шебері Мейіржан Горькиев ІІІ орынға ие болды. V республикалық педагогтардың «Өнегелі ұстаз» атты сайысында өндірістік оқыту шебері Абзал Елбаев ІІ орынды еншіледі
Инновациялық технологияларды жетік меңгерген арнайы пәндер оқытушысы Гүлсезім Сүлейменова халықаралық «Интернет байқаулар» білімділік сайтының ұйымдастыруымен «Оқытудың заманауи әдістері мен технологиялары» атты байқауына қатысып, «Жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру жолдары» тақырыбындағы жұмысын ұсынып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Еліміздің болашақ жастарына заман талабына сай білім беру – бүгінгі күннің басты талабы болғандықтан, жаңаша ойлайтын білікті кадрлар даярлау – маңызды міндет. Осындай мақсат-міндеттерді алға қойған өз ісінің білікті мамандары, инженер-педагогтар кәсіптік білім саласында болашақта да аянбай еңбек етері сөзсіз,- дейді Қаратөбе колледжінің әдіскері Бақыт Ахметова.
Тоты ЕСҚАЙЫРОВА
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz