4.04.2017, 18:08
Оқылды: 49

Қазталовта сегіз округке «Ақбұлақ» тартылады

????????????????????????????????????

    Қазталов ауданының әкімі Нұрлан Бекқайыр Жалпақтал ауылында болып, ауданымызда «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында атқарылатын құрылыс жұмыстардың мердігерлерімен, сегіз округтің әкімдерімен кездесті.


         Еліміздің бірталай өңірлері үшін су проблемасы бүгінге дейін өткір күйінде қалуда. Өйткені түкпірдегі ауылдардың барлығы бірдей сапалы ауыз сумен әлі де толық қамтамасыз етіле қойған жоқ.

         ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсарту мақсатында Үкімет 2011-2020 жылдарға арналған «Ақбұлақ» бағдарламасын қабылдағаны белгілі. Осы бағдарламаның арқасында көптеген қалалар мен ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз етуде оң қадамдар жасалды. Желі бойымен жетіп, жұртшылықты жарылқап жатқан таза ауыз судың дәмін биыл және келер жылы ауданымыздың елді мекендері де түгелдей тататын болады делінуде.

     Қазталов ауданының сегіз округінің 17598 тұрғыны «Ақбұлақтың» дәмін татпақ. Бұл мақсатқа республикалық және облыстық бюджеттен 2503442,2 теңге көлемінде қаражат бөлінген.

         Ауданда «Ақ бұлақ» бағдарламасын іске асыру бағытындағы жұмыстар өткен жылы басталып, өз жалғасын табуда. Сөйтіп, бұған дейін ауыз судың машақатын көріп келген алыстағы ағайындар ауыз судың рахатын алдағы күндері көрмек.

   Кездесу барысында аудан басшысы Нұрлан Мағазұлы «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында сумен жабдықтаудың құрылыс жұмыстарын тезірек бастау керектігін және сапалы, айтылған мерзім ішінде бітіру керектігін сөз етті. Сонымен қатар округ әкімдеріне мердігерлермен бірлесіп жұмыс атқаруды тапсырды.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ

 Жалпақтал ауылы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале