Жәңгір хан университетінде политехникалық институт студенттеріне арналған «Жаңа Конституция және Құрылтай» тақырыбында тәрбие бағытындағы іс-шара өтті.

Аталған шараны Политехникалық институт директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Бибігүл Сарбалина ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің еліміздің Конституциясы, мемлекеттік құрылымы мен қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды өзгерістер туралы білімін арттыру, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру және ел болашағына деген белсенді көзқарасын дамыту.
Іс-шараға гуманитарлық және спорт пәндерін оқыту орталығының білікті маманы, аға оқытушы Гаухар Балжанова арнайы шақырылып, студенттерге «Жаңа Конституция және Құрылтай» тақырыбы бойынша жан-жақты түсіндірме жұмысын жүргізді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы елдің негізгі заңы екендігі, оның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі маңызы туралы кеңінен айтылды.
Сонымен қатар Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың қоғамның дамуына ықпалы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері жөнінде маңызды ақпарат берілді.
Сондай-ақ маман Құрылтайдың қазақ халқының тарихындағы орны мен маңызына ерекше тоқталып, оның ел бірлігін нығайтудағы, маңызды мәселелерді талқылаудағы және қоғамдық келісімді қалыптастырудағы рөлі түсіндірілді. Студенттерге тарихи Құрылтай дәстүрі мен қазіргі қоғамдық институттар арасындағы сабақтастық туралы мәлімет берілді.
Іс-шара барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тақырып аясында пікірлерін білдірді. Тақырып бойынша жүргізілген түсіндіру жұмыстары жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, елдің қоғамдық-саяси өміріне қызығушылығын қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Тәрбиелік шара мазмұнды әрі қызықты өтіп, студенттер үшін маңызды ақпараттық және танымдық кездесу болды. Мұндай іс-шаралар білім алушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастырып, Отанға деген жауапкершілігін арттыруға және қоғамдағы өз орнын түсінуге ықпал етеді.
Бибігүл Жексенбайқызы
Политехникалық институт директорының ТЖЖ орынбасары,
доцент м.а., техника ғылымдарының кандидаты