3.09.2026, 16:15
Оқылды: 7

Қазақстанда тұрғын үй қорын ауқымды түгендеу басталады

Елдегі барлық көппәтерлі үйлер мекенжайы, қабаттылығы, пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың саны, ғимараттың жай — күйі, лифтілері және есепке алу аспаптары қамтылған бірыңғай тізілімге жинақталады. Бұл жұмыс «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңды орындау мақсатында және «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында, сондай-ақ күрделі жөндеу мен техникалық тексерудің мемлекеттік бағдарламаларын жоспарлау шеңберінде жүргізілуде. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жазды. 

2f0544f00efadf42b8aa38ba6d778275_1280x720

Сурет: gov.kz

Түгендеу «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 2-бабындағы көппәтерлі тұрғын үй анықтамасына сәйкес келетін барлық ғимараттарды қамтиды: кондоминиум нысанының ортақ мүлкінен және екі немесе одан да көп пәтерден немесе тұрғын емес үй-жайлардан тұратын жеке тұрған ғимарат. Есепке қабат санына, меншік иелерінің санына, тіркелген кондоминиум нысанының бар-жоғына және таңдалған басқару нысанына қарамастан барлық үйлер — соның ішінде ауылдық елді мекендердегі екі және төрт пәтерлі үйлер мен басқару нысаны осы уақытқа дейін анықталмаған үйлер де кіреді.

Әрбір үйдің тізілімде бірыңғай кілті — мекенжайдың тіркеу коды (МТК) болады. Осы код бойынша үйге басқа көздерден алынған мәліметтер «байланыстырылады»: ғимараттың техникалық сипаттамалары, сандық және сапалық көрсеткіштері, үй-жайлар туралы деректер, басқару нысаны мен лифтілердің жай-күйі туралы ақпарат, желілерге қосылу және есепке алу аспаптары туралы мәліметтер.

Мәліметтерді беру тәртібі Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында ақпаратты қалыптастыру, өңдеу, орталықтандырылған жинау және сақтау қағидаларымен белгіленген. Сондай-ақ осы қағидалармен деректерді беруге міндетті ұйымдар шеңбері айқындалған: жергілікті атқарушы органдар, табиғи монополиялар субъектілері, мүлік иелерінің бірлестіктері (МИБ), пәтер иелерінің кооперативтері (ПИК), өзге де басқару субъектілері.

Меншік иелерінің дербес деректері — тегі, аты-жөні, жеке сәйкестендіру нөмірлері (ЖСН), құқық белгілейтін құжаттар және берешек туралы мәліметтер түгендеу барысында жиналмайды.

Тізілім не бередікүрделі жөндеуге және лифтілерді ауыстыруға жататын үйлердің нақты тізбесінүйлердің есепке алу құралдарымен нақты жарақталу деңгейін түсінудіорташаланған бағалаулардың орнына нақты деректер негізінде өңірлердің желілерді жаңғыртуға деген қажеттілігін есептеуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ коммуналдық төлемдер түбіртектеріндегі есептеулердің дұрыстығын қамтамасыз етіп, ПИК, МИБ және басқарушы компаниялар арасында жұмыс тәртібі мен атқарушылық құжаттаманы жүргізу сапасын арттырады.

Мәліметтерді жинауды аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын үй инспекциялары арқылы облыс әкімдіктері ұйымдастырады. Хабарламалар мен жұмыс нысандары мүлік иелерінің бірлестіктеріне, тікелей бірлесіп басқарудағы үйлердің өкілдеріне, басқару субъектілеріне және коммуналдық қызметтерді жеткізушілерге жіберіледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале