Қазталов ауданына қарасты Қоныс ауылында «Әйелге қолдау – отбасына демеу» атты тағылымды кездесу өтті.

Ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Нұрия Хабибуллина ашқан жиынға ақжаулықты аналар, көп балалы және жас келіндер қатысты.
Кездесуде полиция майоры Гүлфайруз Кенжебаева отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен құқықтық көмек көрсету жолдарын түсіндірсе, психолог Ғалия Ахметова аналарға арналған тренинг өткізді. Ауыл үлкендері Зайда Хамитова мен Алтын Ілиясова сөз сөйлеп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, осындай жиындарды жиі өткізуді ұсынды.

Шара соңында ісмер ана Мария Даулетова мен жас ана Жазира Сұлтанова алғысхаттармен марапатталды.
Жайна Таусихқызы,
Қазталов ауданы