5.04.2017, 10:45
Оқылды: 46

Қазталовтан "ЭКСПО-2017" көрмесіне 1224 адам қатыспақ

Kaztalov akim jinalisi   Қазталов ауданы әкімі Нұрлан Бекқайырдың төрағалық етуімен өткен жиынның күн тәртібіне сәйкес, атаулы әлеуметтік төлемдер, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, жұмыссыздардың және өзін-өзі нәтижесіз қамтылғандардың мәртебесін анықтау және "ЭКСПО-17" көрмесіне дайындық және ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қадер Нұрғалиевтің баяндамалары тыңдалды.


     2017 жылдың қаңтар айынан бастап елімізде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік төлемдерді төлеу енгізіліп, бұл бағыттағы жұмыстар басталып та кетті. Бұл бағдарлама бойынша аз қамтылған, көп балалы және еш жерде жұмыс жасамайтын отбасыларға мемлекет тарпынан әрбір отбасы мүшесіне атаулы әлеуметтік төлемдер төлеу қарастырылған.

   Ал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға келсек, мемлекет, жұмыс беруші және азаматтар арасындағы  ынтымақтасқан жауапкершілігі қағидасы - денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық орталығын күшейтіп, халық денсаулығын жақсарту. Биылдан бастап Қазақстанның әрбір азаматы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы медициналық қорға табысынан қаржы аударуы қажет. Бұл сақтандырудың заңнамаларында көрсетілген 15 бағыт бойынша сақтандыру қаржысын мемлекет төлейтін болады.

     Сонымен қатар жиналыста көтерілген өзекті мәселе жылдар бойы анықталмаған жұмыссыздардың және өзін-өзі нәтижесіз қамтығандардың мәртебесін анықтау арқылы еліміздегі жұмыссыздықты жойып, халықты толыққанды жұмыспен қамту және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру болмақ. Ауданда мәртебесі анықталмаған 9 мыңдай тұрғын бар екен. Осы азаматтардың мәртебесін анықтап, бір жүйеге енгізу  жұмыстары жүріп жатыр.

     Сондай-ақ жиында биыл Елордамыз Астана қаласында өтетін халықаралық мамандандырылған "ЭКСПО-17" көрмесіне баруға дайындық және ұйымдастыру жұмыстары туралы да талқыланды. Халықаралық деңгейдегі көрмеге ауданнан 1224 адам қатысады деп жоспарланып отыр.

Қайрат ЖАҚЫП

 Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале