5.09.2026, 17:35
Оқылды: 7

Шоқтыбай ауылында оқырмандар арасында тіл білгірлері анықталды

Шыңғырлау ауданына қарасты Шоқтыбай модельді ауылдық кітапханасында Қазақстан халқының Тілдер күніне орай кітапханашы Нұргүл Машгулованың ұйымдастыруымен «Тіл білгірлері» атты интеллектуалды ойын өтті.

image-05-09-26-02-07

​Танымдық шара мемлекеттік тілдің мәртебесін насихаттауға, ана тіліне деген құрметті арттыруға және қатысушылардың тапқырлық қабілеттерін дамытуға бағытталды.

Сайыс барысында қатысушылар мақал-мәтелдер, жұмбақтар, сөз мағынасы мен ұлттық салт-дәстүр тақырыптары бойынша бақ сынасты.

Кітапханашы Нұргүл Аюпқызы мұндай шаралар оқырмандардың білім көкжиегін кеңейтіп, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыруға септігін тигізетінін атап өтті.

Светлана Усалимова, 

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале