6.09.2026, 16:30
Оқылды: 560

БҚО-да жаһандық рекордты жаңарту жобасының дайындығы басталды

Өңірде дәстүрлі ән орындаудағы жаһандық көрсеткішті жаңартуға арналған жобаның қорытынды дайындығының алғашқы күні қорытындыланды.

IMG_20260906_103643_381

«Парасат» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хатимолла Бердіғалиев орындалуы тиіс меже 120 әнді бір деммен орындап шықты.

Атап айтқанда, алғашқы екі сағаттан астам уақытта 70 әнді домбыра аспабының, 16 әнді баян аспабының, 14 әнді күйсандықтың сүйемелдеуімен орындаса, 2 эстрадалық әнді және Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің сүйемелдеуімен 18 әнді тамылжыта шырқады. Концертмейстер Галина Андреева күйсандықта сүйемелдеді.

IMG_20260906_103633_764

Құрметті меймандар — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты, фольклортанушы ғалым, эпик-жыршы Берік Жүсіпов, айтыскер ақын, әнші-термеші, сазгер Жәкен Омаров арнайы келді.

Қорытынды сөзді Берік Мырзалұлы алып, дайындық барысын шашауын шығармай ұйымдастырған мекеме басшысы Бауыржан Халиолла бастаған ұжымға, аталған жобаға қолдау көрсеткен өңір басшысы Нариман Төреғалиевке, мәдениет тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Медхат Қамбетов бастаған ел азаматтарына алғыс білдіріп, қос әншіге сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Дәстүрлі ән орындаудағы жаһандық рекордтық көрсеткішті жаңартуға арналған жоба 29-30 қыркүйек күндері «Атамекен» өнер ордасында өтеді.

Айжан Бауыржанқызы,

ҚР Журналистер Одағының мүшесі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале