Ана тілі – ұлттың рухани өзегі, халықтың тарихы мен мәдениетін ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін баға жетпес мұра. Осы құндылықты дәріптеу мақсатында Шыңғырлау ауданында «Дән» мәдениет үйінде Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Тілге құрмет – елге құрмет» атты танымдық шара өтті.

Шара барысында мемлекеттік тілдің мәртебесі, ана тілін ардақтаудың маңызы сөз болып, қатысушыларға тіл туралы тағылымды ойлар ұсынылды. «Ана тілім – жүрегімнің кілті» атты интерактивті викторина ұйымдастырылып, жастар өз білімдерін сынады.
Мерекелік шарада мемлекеттік тіл саясатын қолдап, қоғамдық белсенділік танытып жүрген азаматтарға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту,денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Олжас Сейтімов құттықтап,алғыс хаттар табысталды.
Батыс Қазақстан облысының мәдениет тілдер дамыту басқарма басшысының атынан
Қазақстан халқы тілдері күні орай өңірімізде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға ,мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайту бағытында түрлі облыстық шараларға қатысып ,қолдау білдіріп,қоғам алдында азаматтық белесенділік танытқаны үшін жеке кәсіпкер Жасылан Құзбаев,мектеп оқушысы аудандық "Мен оқыған-30 кітап" байқауының жеңімпазы Азиза Кабидуллиева марапатталды.
Сонымен қатар түрлі этнос өкілдері өз тілдерінде сәлемдесіп, тілдер достығы мен ел бірлігінің маңызын айшықтады.
Шараның көркін «Асыл қазына» аталар ансамблі мен халықтық «Елім-ай» әжелер ансамблінің өнері, жас оқырмандардың көркемсөз оқуы және музыкалық шығармалар айшықтай түсті.Дән ауылдық кітапханасының кітапханашысы Сандуғаш Жупиева қазақ халқының ұлы ағартушысы, ғалым-лингвист, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасы туралы кітап көрмесімен таныстырды.
Тіл – тек қарым-қатынас құралы емес, ол – ұлттың жаны, елдің рухани тұтастығының негізі. Сондықтан ана тілімізді құрметтеп, таза сөйлеп, кейінгі ұрпаққа аманат ету – баршамыздың ортақ парызымыз.

Тілге құрмет – елге құрмет. Ана тіліміздің абыройы асқақтай берсін!
С.Тыныс
Шыңғырлау ауданы