ҚР Үкіметінің хабарлауынша, ертең, 8 қыркүйек күні сағат 10:00-де Үкімет үйінде Премьер-Министрдің төрағалығымен Үкімет отырысы өтеді.

Фото: KZgovernment
Басты күн тәртібі – жұмысшы мамандықтары бойынша кадрлар даярлаудағы жаңа тәсілдер.
Отырыс соңында баспасөз мәслихаты өтеді. Оған Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова және Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов спикер ретінде қатысады.
Жиынның тікелей көрсетілімін PrimeMinister.kz сайты, YouTube арнасы, Facebook және UKIMET Telegram-каналы арқылы көруге болады.