9.09.2026, 15:15
Оқылды: 10

Бөкей ордасы ауданында білім, мәдениет және спорт саласының өзекті мәселелері талқыланды

Бөкей ордасы аудандық мәслихатының әлеуметтік саясат, денсаулық сақтау, білім беру, отбасы, балалар мен аналар, экология жөніндегі кезекті тұрақты комиссия отырысы онлайн-офлайн форматта өтті. 

IMG-20260909-WA0008

Жиынға мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала басшылары қатысты. Аудандық мәслихат депутаты, комиссия төрағасы Асылбек Нұралиевтің төрағалығымен өткен отырыста білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы және мәдениет саласы мен бұқаралық спортты дамыту бағытында атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер талқыланды. Алдымен білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы жөнінде аудандық білім бөлімінің басшысы Нұргүл Омарова баяндады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе жөнінде аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Данагүл Дүйсенова өткізілген шаралар мен жетістіктер туралы хабарлама жасады.
Алайда баяндамадағы әдемі көрсеткіштерден гөрі, спорт алаңдарының шынайы жағдайы депутаттарды алаңдатты. Бөлім басшысының баяндамасындағы спорт алаңдарын негізге алған Лариса Тельманқызы аудан орталығындағы спорт алаңдарының бүгінгі жағдайына тоқталды.
Жиында ауданның 225 жылдық мерейтойына қатысты мәселесі де көтерілді. Өз кезегінде Данагүл Берікқызы алда өткізілетін іс-шаралар мен дайындық жұмыстарына тоқталды.

IMG-20260909-WA0004
Комиссия төрағасы басқосуда қаралған мәселелер аудандық мәслихат депутаттарының ұсыныс-пікірлерін ескеріп, тиісті сала басшыларына хаттамалық ұсыныстар жолдайтынын айтып, отырысты қорытындылады.

 

Ақсәуле Әлжанова,

Бөкей ордасы ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале