4- 12 қыркүйек күрдері Щучинск қаласында шаңғы жарысынан ересектер арасында Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге еліміздің 11 облысынан 190 спортшы қатысып, спортшылар бірнеше бағыт бойынша өзара мықтыны анықтады. Чемпионатта шаңғы жарысының шеберлері жоғары дайындықтарын көрсетіп, тартысты жарыстарда бақ сынады. БҚО спортшылары да ел біріншілігінде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Жарыс нәтижесінде “Еркін әдіс” бойынша мас-старт 16 шақырымдық қашықтықты жекелей сында Жанерке Тудахунова үшінші орын иеленді. Жаттықтырушының сөзінше өңір спортшылар бұл жетістікке көптен қол жеткізе алмай келген.

Кросс қашықтығы бойынша жекелей сында Анастасия Соколова да үздік үштіктің сапынан табылды.
- Осыған дейін Жанерке жастар арасынды үздік екенін дәлелдеген. Енді әйелдер арасындағы сынға алғашқы рет қосылып отыр. Дегенмен алғашқы нәтиже жақсы деп айта аламыз. Сонымен қатар бұл сайыста әйелдер арасында жүлде алған өңіріміздің спортшылары соңғы он жылда болмады десек қате айтқанымыз емес, - дейді жаттықтырушы Ислам Сағыналиев.
Мейрамбек Сыдықов,
Бөрлі ауданы