9.09.2026, 21:00
Оқылды: 8

Қазақстан мен Үндістан 122 млн долларлық келісімдерге қол қойды

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, Ченнай қаласында өткен Қазақстан-Үндістан сауда және инвестициялар жөніндегі бизнес-форумы қорытындысы бойынша жалпы құны 122 млн АҚШ долларын құрайтын екі негіздемелік келісімге қол қойылды.

IMG_20260909_183340_254

Фото: saudagovkz

​Атап айтқанда, «SPBKM» ЖШС мен «International Tractors Limited» арасында Қазақстанда Sonalika/Solis тракторларын құрастыру мен өндірісін кезең-кезеңімен жергіліктендіруді көздейтін құны 120 млн долларлық келісім жасалды.

Екінші келісім «SP BKM» ЖШС мен «Big Bang Boom Solutions Private Limited» компаниясы арасында қорғаныс технологиялары, ішкі қауіпсіздік және қосарлы мақсаттағы шешімдер бағытында қабылданды.

Іс-шараға қазақстандық делегацияны Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков бастап барып, Тамилнад штатының министрі Селви С. Киртанамен және үндістандық компания өкілдерімен келіссөздер жүргізді.

​Форум барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, өңірлер арасындағы әріптестікті нығайту және көлік-логистика әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды. Мәселен, 2026 жылдың бірінші жарты жылдығында өзара тауар айналымы 315,4 млн АҚШ долларын құраса, Қазақстан экспорт көлемін тағы 313 млн долларға арттыруға мүмкіндік беретін 95-ке жуық тауар позициясын ұсынып отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале