9.09.2026, 23:15
Оқылды: 266

Оралда «Қасиетті де қасіретті Бөкей Ордасы» кітабының тұсаукесері өтті

Орал қаласындағы «Атамекен» өнер ордасында тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі Тұяқбай Рысбековтің «Фолиант» баспасынан жарық көрген «Қасиетті де қасіретті Бөкей Ордасы» атты көлемді зерттеу еңбегінің тұсаукесері өтті.

DSC03271

Фото: Мәди Салық

​Шараға облыс әкімінің орынбасары Қ. Меңдіғалиев, Бөкей ордасы ауданы әкімінің орынбасары Кенесары Нұршинов, тарихшы ғалымдар, өлкетанушылар, БАҚ өкілдері мен оқырмандар қатысты.

Жиында аудан әкімінің орынбасары Кенесары Нұршинов профессорға аудан әкімі Нұрлыбек Даумовтың және жұртшылықтың атынан құттықтау хат табыстап, ғалымның өлке тарихын зерделеуге қосқан сүбелі еңбегіне жоғары баға берді.

FB_IMG_1788969242818

​Бұл туынды биыл аталып өтіп жатқан Бөкей хандығының 225 жылдығы, Хан Ордасы ауылының 200 жылдығы және Жәңгір хан мектебінің 185 жылдығы аясында жарық көріп отыр. Автор өз еңбегінде 1801 жылы құрылған Бөкей Ордасының қалыптасуынан бастап бүгінгі күнге дейінгі кезеңді жан-жақты саралаған.

DSC03338

​Төрт тараудан тұратын көлемді зерттеу еңбегінің бірінші тарауы Бөкей Ордасының құрылуы мен Бөкей ханның басқару саясатына арналса, екінші және үшінші тарауларда Нарын өңірі мен Кеңес Одағы тұсындағы ядролық және зымыран сынақтарының әлеуметтік, экологиялық, демографиялық зардаптары ғылыми тұрғыдан сараланған. Ал төртінші тарау Семей полигоны мен басқа да сынақ алаңдарын жабу жолында күрескен Кешірімхан Бозтаев, Олжас Сүлейменов, Энгельс Ғаббасов, Кәкен Көбейсінов сынды қайраткерлердің қоғамдық-саяси қызметіне арналған.

FB_IMG_1788969254045

DSC03350

Анар Артықбай, 

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале