10.09.2026, 23:50
Оқылды: 10

Қазталовтағы қоғамдық тамақтану орындары мен кафелер ветеринариялық цифрлық жүйеге қосылады

Бұл туралы ветеринария саласындағы ақпараттық жүйелерді пайдалану және қоғамдық тамақтану нысандарын цифрлық бақылау жүйесіне енгізу мәселелеріне арналған түсіндіру жиынында сөз болды.

InShot_20260911_005607934

АШЖБ, «Вет-Лаб» және «Төрт-түлік» сияқты цифрлық базалар жануарлардың қозғалысын, ветеринариялық шаралардың орындалуын және азық-түлік қауіпсіздігін бақылаудың маңызды тетігіне айналып отыр.

​Жиынға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аудандық аумақтық басқармасының басшысы Арген Малахов төрағалық етті. Басқосуға БҚО аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Мұрат Сисенбаев, дербес бөлім басшылары, білім беру саласының мамандары және кәсіпкерлер қатысты.

​Кездесуде жануарларды цифрлық платформаларда тіркеу және деректердің уақтылы енгізілуін қамтамасыз ету мәселелері сөз болды. Мұрат Сисенбаев цифрлық жүйелермен жұмыс істеу тәртібіне тоқталып, бұл бағыт күнделікті жұмыстың ажырамас бөлігі болуы тиіс екенін атап өтті.

InShot_20260911_005714618

​Жиынның тағы бір маңызды бағыты – «Ветеринариялық-санитариялық сараптама» модулін енгізу. Пилоттық жоба асханалар, кафелер мен тойханаларды цифрлық бақылау жүйесіне кезең-кезеңімен қосуды көздейді. Мұның түпкі мәні – өнімнің өндірілуінен бастап тұтынушы дастарханына жеткенге дейінгі процестердің ашық әрі бақылауда болуын қамтамасыз ету.

Асылбек Нәсіпқалиұлы, 

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале