Қазталов аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және «Тоғжан» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аудандық кітапхана төрінде «Отбасы – бақыт мекені» атты мерейлі жиын өтті.

Шараға Жалпақтал ауылынан Мұхамбетьяровтар, Бостандық ауылынан Жұмағазиевтер және Қазталов ауылынан Шулимовтар отбасы арнайы қатысты.

Кездесуде 50 және 25 жыл бойы қол ұстасып, шаңырақтың шаттығын арттырған ардақты әулеттердің өмірлік тәжірибесі мен сыйластық сыры кеңінен сөз болды. Кеш қонақтары жастарға отбасылық құндылықтарды сақтау, сабыр мен құрмет туралы салиқалы ойларын ортаға салды.

Шара соңында ұйымдастырушылар тарапынан шаңырақ иелеріне арнайы құрмет көрсетіліп, естелік сыйлықтар мен алғысхаттар табысталды.
Жайна Қабиболла,
Қазталов ауданы