Орманды қорғау — жай ғана қызмет емес. Оның артында күн сайын табиғат үшін жауапкершілікті мойнына алып, қауіпке қарамастан өз міндетін атқаратын адамдар тұр.

Орманды қорғау — жай ғана қызмет емес. Оның артында күн сайын табиғат үшін жауапкершілікті мойнына алып, қауіпке қарамастан өз міндетін атқаратын адамдар тұр.

Семей орманындағы алапат өрт сол еңбектің қаншалықты ауыр әрі қатерлі екенін бүкіл елге көрсетті. Өртпен күрес кезінде өз міндеттерін соңына дейін атқарып, қаза тапқан орманшылардың есімі әріптестерінің жадында мәңгі қалады.
Бүгінде еліміздің ерекше қорғалатын табиғи аумақтары мен орман шаруашылығы мекемелерінде мыңдаған маман осы жолды жалғастырып келеді. Оларды бір мамандық қана емес, табиғатты қорғауға деген ортақ жауапкершілік біріктіреді.
Олардың формасының артында — үлкен еңбек, тәуекел және табиғатқа арналған ғұмыр бар.
Қаза тапқан әріптестеріміздің рухына тағзым. Еңбектеріңіз бен ерліктеріңіз ұмытылмайды.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі