11.09.2026, 14:45
Оқылды: 21

Ақжайық ауданында келіндер байқауы өтті

Отбасы күні қарсаңында Ақжайық аудандық мәдени-демалыс орталығында «Супер келін – 2026» байқауы өтті. Өнер мен өнегені, ұлттық салт-дәстүр мен заманауи талғамды тоғыстырған сайысқа ауданның ауылдық округтерінен тоғыз келін қатысып, өзара бақ сынады.

WhatsApp Image 2026-09-11 at 10.17.23

Байқау барысында қатысушылар сәлем салу мәдениеті, тапқырлық, ептілік, сән үлгілері бағыттары бойынша сынға түсті. Әр кезеңде келіндердің білім-білігімен қатар, дастарқан әзірлеудегі шеберлігі, ұлттық дәстүрден хабары, өнері мен сахна мәдениеті бағаланды. Көрермендер де өз таңдауын жасап, «Көрермен көзайымы» аталымының иесін арнайы платформа арқылы QR-кодпен анықтады.

WhatsApp Image 2026-09-11 at 10.17.22

Сайыс қорытындысында «Супер келін» атағы Тайпақ ауылдық округінің келіні Гүлжауһар Хасанға бұйырды. Алғабас ауылдық округінен қатысқан Бибігүл Қуанова  «Епті келін», сарытоғайлық Анаргүл Шахантаева  «Парасатты келін», Құрайлысай ауылдық округінің келіні Арайлым Жамансариева «Салт-дәстүрдің сақтаушысы», Бударин ауылдық округінен Ару Ғабдолова «Келіні жақсы үйдің – керегесі алтын», Жаңабұлақтан Айсезім Мағазова  «Талғамы биік келін» аталымдарын иеленді.

WhatsApp Image 2026-09-11 at 10.17.23 (3)

Сондай-ақ  Ақжол ауылдық округінің келіні Зульфат Бисенғгалиева «Өнерлі келін – өрісті отбасы», Алмалыдан Анар Айткулова  «Келіннің сәні – ибасы», Қабыршақты ауылдық округінен қатысқан Арайлым Қайыржанова «Қазақы келін» аталымдарымен марапатталды. Ал онлайн дауыс берудің қорытындысы бойынша Айсезім Мағазова «Көрермен көзайымы» атанды.

Рақым Берікқали,

Ақжайық ауданы

WhatsApp Image 2026-09-11 at 10.17.24 (4) WhatsApp Image 2026-09-11 at 10.17.24 WhatsApp Image 2026-09-11 at 10.17.25 (2) WhatsApp Image 2026-09-11 at 10.17.25 (1) WhatsApp Image 2026-09-11 at 10.17.27

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале