6.04.2017, 16:53
Оқылды: 47

«Өмір үшін ерлік»

Manshyk myrajayi    Бүгін Мәншүк Мәметова атындағы облыстық мұражай үйінде «Өмір үшін ерлік» атты ақпараттық шара өтті. Оған Ұлы Отан соғысының ардагерлері Хамза Сафин, Алевтина Митрохина, Лидия Губанова және Орал ақпараттық технология колледжінің оқытушылары мен студенттері шақырылды.


     Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың туылғанына 95 жыл толуына орай ұйымдастырылған шарада мұражай үйінің директоры Светлана Бектенова сөз сөйледі.

   Ол алдағы уақытта қазақтың үш батыр қызы - Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және Хиуаз Доспанованың ескерткіштерінің Орал қаласындағы бір көрнекті орынға қойылатынын айтты. Сонан кейін 22 сәуір және 9 мамыр аралығында аталмыш колледж студенттерінің «Зерде вахтасы» іс-шарасы аясында Псков, Новосокольники және Невель қалаларында болып сол аумақта жерленген Мәншүк Мәметова және Әлия Молдағұлованың зираттарына барып тәу ететіндігін және әлі де белгісіз боздақтарды іздестіру жұмысына қатысатындығын хабарлады.

   Светлана Бектенова осы мұражай үйінің жанынан құрылған «Фронтовичка» клубының жұмысы туралы баяндады. Кездесудің құрметті қонақтары және басқалары күн тәртібіндегі мәселеге ой қосып, әңгімелерін айтты. Қонақтарға сый-сыяпат көрсетілді және Светлана Бектенова қорытындылады.

Серік Ықсанғали

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале