14.09.2026, 10:00
Оқылды: 10

Оралда жаңа спорт нысаны ашылды

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Орал қаласында заманауи спорт кешенін іске қосу және жаңа спорттық жобаларды дамытуға арналған арнайы брифинг өтті. Жиында жоба ауторлары Invictus фитнес кешенінің негізін қалаушы Арыстанбек Тоқжанов пен кешен директоры Павел Устюгов жаңа нысанның мүмкіндіктері мен алдағы жоспарларын таныстырды.

DSC03212

Жалпы аумағы 9 мың шаршы метрді құрайтын заманауи спорт кешені бой көтерді. Жеке ғимаратта орналасқан нысанда тұрғындарға спортпен шұғылдануға кең мүмкіндік қарастырылған. Мұнда Invictus премиум фитнес клубы жұмыс істейді. Кешенде  заманауи жаттығу залы, бассейн, жекпе-жек залы бар.

Жаңа кешеннің тағы бір маңызды бағыты – жекпе-жек спорттарын дамыту. Осы мақсатта мұнда «Arystan Fight» промоутерлік компаниясы құрылып, арнайы жекпе-жек залы жабдықталған. Ендігі мақсат – 15 жастан бастап талантты жастарды анықтап, оларды кәсіби деңгейде дайындау және үлкен спортқа жол ашу.

– Біз талантты балаларды іздегіміз келеді. Бүгінде ешкімге белгісіз болуы мүмкін, бірақ бірнеше жылдан кейін Қазақстанның халықаралық аренадағы намысын қорғай алатын нағыз спортшыларды тәрбиелеуді көздейміз. Ол үшін кәсіби инфрақұрылым қалыптастырып, арнайы жекпе-жек залын жабдықтадық, – деді жоба өкілдері.

Түгелбай Кенжеғалиұлы,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале