10.09.2026, 16:50
Оқылды: 28

Қала күніне орай арқан тартысынан облыстық жарыс өтті

Қала күніне орай арқан тартысынан облыстық жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тартысқа толы өтті. Бұл додаға облыстың әр ауданынан келген командалар мен Орал қаласының құрамалары қатысып, жалпы саны 15 команда өзара бақ сынады.

Күш пен бірлікті талап ететін сайыста қатысушылар бар өнерлерін салып, көрермендерге әсерлі сәттер сыйлады. Әрбір кезең аса тартысты өтіп, жеңіс жолында командалар аянып қалмады.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен «Алмаз» командасы жүлделі бірінші орынды иеленді. Екінші орын Тереңкөл командасына бұйырса, үшінші орынды Жұлдыз ауылының командасы қанжығасына байлады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы марапатталып, жарыс жоғары деңгейде өз мәресіне жетті.

Фотоға түсірген: Бекзат Қанәділ

жп қала күні арқан тартыс (1) жп қала күні арқан тартыс (2) жп қала күні арқан тартыс (3) жп қала күні арқан тартыс (4) жп қала күні арқан тартыс (5) жп қала күні арқан тартыс (6) жп қала күні арқан тартыс (7) жп қала күні арқан тартыс (8)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале