ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда диагностикада жасанды интеллектіні қолдану аясы кеңеюде.

Фото: DenMinPR
Орталықтандырылған радиологиялық зерттеулер жүйесі қазірдің өзінде 15 аймақтағы мемлекеттік медициналық ұйымдарды қамтып, өкпе мен сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау үшін қолданылып келеді.
WDSOFT өкілі Ерлан Жәнібековтің айтуынша, сүт безі обырын анықтау көрсеткіші 32 пайызға дейін өсіп, скринингтік бағдарламаларды жүргізу мерзімі 30 күннен 3 күнге дейін қысқарды. Сонымен қатар зерттеулер саны 4 есеге артып, радиологтың бір зерттеуге жұмсайтын уақыты 40 минуттан 10 минутқа дейін азайды.
Жасанды интеллект сондай-ақ эндоскопия бағытында да сәтті қолданылуда. Колоноскопия кезінде жүйе дәрігерге эпителий түзілімдерін байқауға көмектеседі.
Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы Эндоскопия департаментінің басшысы Мейрам Құсайыновтың атап өтуінше, бұл тәсіл ауруды ерте кезеңде анықтап, оның қатерлі ісікке айналуына жол бермеуге мүмкіндік береді.