12.09.2026, 9:00
Оқылды: 5

Астана 2028 жылы Дүниежүзілік мұнай кеңесінің конгресін қабылдайды

ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов пен Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Фейсал Әл-Кахтанидің кездесуінде айтылды.

IMG_20260912_023634_197

Фото: Minenergokz

Тараптар энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастық пен «ОПЕК+» аясындағы өзара іс-қимыл перспективаларын, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері мен «жасыл» технологияларды дамыту мәселелерін талқылады.

​Кездесу барысында Эр-Риядта өтетін Дүниежүзілік мұнай кеңесінің алдағы конгресіне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ Қазақстанның 2028 жылы Астанада Дүниежүзілік мұнай кеңесінің кезекті конгресін өткізуге дайындалып жатқаны атап өтіліп, тараптар бұл ауқымды іс-шараны ұйымдастыру барысында тығыз өзара іс-қимыл жасауға уағдаласты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале