ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, «Жайсаң» ветеринариялық бақылау бекетінде Ресей Федерациясынан Байқоңыр қаласына бағыт алған көлік құралы тексеріліп, тиісті ветеринариялық құжаттарсыз тасымалданған 252 мың дана тауық жұмыртқасын ел аумағына кіргізуге жол берілмеді.

Фото: Agropresskz
Аталған құқықбұзушылық бойынша тиісті акт пен әкімшілік хаттама толтырылып, өнім кері қайтарылды. Тасымалдаушыға шекара арқылы бақылаудағы өнімдерді өткізу қағидалары түсіндірілді.
Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті бұл бағыттағы тексеру жұмыстарын қатаң бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.