13.09.2026, 16:30
Оқылды: 8

​«Таза жағалау» акциясы: елімізде 1,4 мың тонна қоқыс жиналды

ҚР Экология министрлігінің мәліметінше, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында еліміздің барлық аймағында «Таза жағалау» акциясы ұйымдастырылды.

IMG_20260913_151525_194

Фото: EcologyofQazaqstan

Іс-шараның негізгі мақсаты – су қоймаларының тазалығын сақтау және табиғатқа қамқорлықпен қарауды насихаттау.

​Бір күнге созылған тазалық жұмыстарына мемлекеттік қызметкерлер, студенттер, еріктілер мен тұрғындар атсалысты. Қатысушылар 586 гектар жағалау аумағын қоқыстан тазартып, жиналған 1,4 мың тонна қалдықты шығарды, оның ішінде 991 тонна тұрмыстық қалдық қайта өңдеуге жолданды.

Табиғи аумақтарды абаттандыру жұмыстары өз жалғасын табады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале