13.09.2026, 16:15
Оқылды: 57

Оралда дәстүрлі «Жайық жүйрігі – 2026» бәйгесі өтті

Орал қаласының күніне орай Жайық жағасында жетінші рет өткен «Жайық жүйрігі – 2026» ұлттық бәйге түрлерінен ашық чемпионат өз мәресіне жетті.

IMG-20260913-WA0421

Еліміздің әр өңірінен келген жүйріктер бақ сынаған дүбірлі доданың ашылу салтанатына облыс әкімі Нариман Төреғалиев, қала әкімі Мұрат Бәйменов және БҚО бәйге федерациясының президенті Мұратбек Мұхамедиев қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

IMG-20260913-WA0425

Сондай-ақ шара барысында VI дүниежүзілік көшпенділер ойынының жеңімпазы Санжар Өмекей марапатталды.

IMG-20260913-WA0427

​Жарыстың құнан бәйге түрінде Алматы облысынан келген Арыстан Күдебаевтың «Бағы» бірінші орынды иеленсе, екінші орынды Қостанай облысынан Арман Есбергеновтің «Жүректорысы», үшінші орынды Ақтөбе облысынан Сақып Мейрамбектің «Арлан көгі» еншіледі. Сондай-ақ төртінші орын Алматы облысының өкілі Мұрат Қозыбаевтың «Құлагеріне» бұйырса, бестікті Батыс Қазақстан облысынан Асылхан Төлеуғалиевтің «Мединасы» түйіндеді.

IMG-20260913-WA0423

​Бұдан кейінгі топ бәйгеде БҚО өкілі Бейсенбай Жаңатаровтың «Басқасқа» атты сәйгүлігі қарсылас шыдатпай бірінші болып келеді. Жүлделі екінші орынды Алматы облысынан Мұрат Қозыбаевтың «Қарқарасы», үшінші орынды Дидар Мақажановтың «Абыройы» жеңіп алды. Төртінші орынды Ермек Елдостың «Кредиті» және бесінші орынды Дәурен Тойлыбаевтың «Нысанасы» иеленді.

IMG-20260913-WA0436

​Ал жарыстың ең ауыр әрі ұзақ сыны – аламан бәйгеде Шариповтар әулетіне тиесілі «Асылай» атты тұлпар топ жарды. Екінші орынды Мадияр Құрманғалиевтің «Көкбастауы», үшінші орынды Еділ Мейрамбекұлының «Секреті», төртінші орынды Ілияс Дүйсенбаевтың «Батыр қызы» қанжығаға байлады. Ал жүлделі бестікті Андрей Нәбиевтің «Әлімтауы» түйіндеді.

Түгелбай Бисен, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале