14.09.2026, 12:00
Оқылды: 14

Қазақстанда мұнай өндіру мен өңдеу арақатынасы 5:1-ден 2,5:1-ге дейін ұлғаяды

13-ші жыл сайынғы «Орталық Азия және Каспий мұнай-газ химиясы және мұнай өңдеу – 2026» саммиті аясында «Шикізаттық модельдің орнына мұнайды терең өңдеу» тақырыбында сессия өтті.
Oil and gas sector. Oil pump silhouette on sky background. Concept - petroleum exploration. Drilling rigs glow at night. Search for oil fields. Concept - petroleum production corporation.

Сурет: istockphoto.com

Энергетика министрлігінің Мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін өндіру басқармасының басшысы Назым Бекбатырова 2025–2040 жылдарға арналған мұнай өңдеу саласын дамыту тұжырымдамасының негізгі бағыттарын таныстырды.

Тұжырымдама мұнай өңдеу қуаттарын кезең-кезеңімен жаңғыртуға және кеңейтуге, мұнайды өңдеу тереңдігін арттыруға, мұнай өнімдерінің сапасын жақсартуға және мұнай-химия өндірісін дамытуға бағытталған. Көзделген шараларды іске асыру мұнай өңдеу көлемін жылына 18 млн тоннадан 39 млн тоннаға дейін арттыруға, ал мұнай өндіру мен өңдеу арақатынасын 5:1-ден 2,5:1-ге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Қажетті инвестиция көлемі 15–19 млрд АҚШ долларына бағаланады. Жаңа жұмыс орындарын құру, саланың ғылыми-технологиялық базасын нығайту және мұнай өнімдері мен мұнай-химия өнімдерінің экспортын арттыруға жағдай жасау күтіледі.

Тұжырымдама алты негізгі бағытты қамтиды. Олар: экономиканы отандық мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету, мұнай-химия өнімдерін өндіруді ұлғайту, қолданбалы ғылымды дамыту, кадрлық әлеуетті нығайту, саланы заманауи технологиялық үрдістерге бейімдеу және экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту.

2040 жылға дейінгі негізгі нысаналы көрсеткіштердің қатарында мұнай өңдеу қуаттарын кеңейту, мұнайды өңдеу тереңдігін 89%-дан 94%-ға дейін арттыру, мотор отынының сапасын К5+ экологиялық сыныбына дейін жақсарту, сондай-ақ бензол мен параксилол өндірісін ұлғайту көзделген.

Осылайша, мұнай өңдеуді дамыту шикізаттық модельден қосылған құны жоғары өнім өндіруге көшу және Қазақстанның энергетикалық әрі экономикалық тұрақтылығын одан әрі нығайту бағытындағы негізгі элементтердің бірі ретінде қарастырылады.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале