16.09.2026, 11:30
Оқылды: 9

Күзде ағзаға қандай қауіп төнеді?

Күзде ауа райы күрт құбылуы адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Патофизиолог Сергей Степанов осы мезгілде ағзаға төнетін негізгі қауіптерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Fatigue and upset woman touching nose bridge feeling eye strain or headache, trying to relieve pain. Sick and exhausted female spending day at home. Depressed lady feeling weary dizzy

Сурет: istockphoto.com

Маманның айтуынша, күн салқындап, ылғал деңгейі артуы дене жылуын тез жоғалтуына әкеп соғады. Соның салдарынан тоңып қалу және тыныс жолдары инфекцияларына шалдығу қаупі жоғарылайды.

 Суық маусымда аденовирус, риновирус, тұмау және парагрипптен туындайтын ауру түрлері жиілейді. Оларға тамақ ауруы, жөтел, көзден жас ағу және қызу көтерілуі тән.

Маман тоңып қалмау үшін ауа райына сай киінуге кеңес берді. Адам көп жиналатын жерлерде қосымша сақтық шарасы ретінде маска тағуға болады.

Сондай-ақ, маман тамақтануға назар аудару маңызды екенін де айтты. Жаңа піскен көкөніс пен жеміс-жидекті мәзірден алып тастамаған жөн, фастфуд пен консервіленген өнімдерге көшуден аулақ болған дұрыс. Рациондағы дәрумен жеткілікті болуын да қадағалау қажет.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале