2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын өндіру көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 22,3%-ға артты, деп хабарлайды ҚР Ұлттық статистика бюросы.

Фото: zhaikpress.kz фотомұрағатынан
Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы техникасын өндірумен айналысатын кәсіпорындар мен өндірістердің саны 40 бірлікті құрады.
Өндіріс құрылымында негізгі үлес ауыл шаруашылығы машиналарына тиесілі – 72,5%.