15.09.2026, 10:15
Оқылды: 13

Мұрат Лұқпанов пен Әсемгүл Ғалымжанова әлем кубогінде алтын алды

Атырау қаласында дәстүрлі садақ атудан әлем кубогі өтіп жатыр. Халықаралық додаға әлемнің 18 елінен 200-ден аса спортшы қатысып, садақ атудың түрлі бағыты бойынша шеберліктерін сынауда.

3 садақшы

Осы сайыстан сүйінші хабар да келіп жетті. 30 метр қашықтықта, «Жамбы» нысанасында Әсемгүл Ғалымжанова әлем кубогінің алтын жүлдесін қанжығасына басты. Айта кетейік, күні кеше Қырғызстанда өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойынында да мерген келіншек алтын олжалаған еді.
Кубокта ел намысын қорғап, 70 метр қашықтық бойынша «Пута» нысанасында сынға түскен Рустам Аманғалиев күміс жүлдеге ие болды. Ал 50 метрден «Қалқан» нысанасында бақ сынаған Мұрат Лұқпанов барлық қарсыласынан басым түсіп, әлем кубогінің жеңімпазы атанды. Осылайша, батысқазақстандық мергендер халықаралық додада өңір намысын абыроймен қорғап, қоржынға екі алтын және бір күміс салды.

Түгелбай Бисен,
«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале