15.09.2026, 15:15
Оқылды: 38

Қаржылық сауаттылық курсы басталды

Бүгін Батыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Батыс Қазақстан филиалының базасында «Қаржылық сауаттылық негіздері» білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсы басталды.

WhatsApp Image 2026-09-15 at 16.03.29

«Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалының директоры С.С. Измуханбетова және Қазақстан Ұлттық Банкінің Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы басшысының орынбасары С.С. Родин курс тыңдаушыларымен кездесіп, педагогтерге сәттілік тіледі.

14–18 қыркүйек аралығында өтетін курсқа орта білім беру және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен математика пәні мұғалімдерінен құралған 25 педагог қатысуда.

Кездесу барысында С.С. Измуханбетова педагогтердің кәсіби дамуына бағытталған қаржылық сауаттылық курсының маңыздылығына тоқталып, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі тарапынан педагогтерге ұсынылып отырған біліктілікті арттыру мүмкіндіктерін тиімді пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.

Қаржылық сауаттылықтың қазіргі қоғамдағы рөліне тоқтала келе, бұл бағыттағы білімнің педагогтердің кәсіби қызметінде ғана емес, білім алушылардың қаржылық мәдениетін қалыптастыруда да маңызды екенін айтты. Сонымен қатар С.С. Измуханбетова Қазақстан Ұлттық Банкінің Батыс Қазақстан филиалының басшылығына курстың ұйымдастырылуына және сапалы өтуіне жан-жақты қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Курс барысында педагогтер қаржылық сауаттылықтың негізгі бағыттары бойынша білімдерін жетілдіріп, қаржылық ақпаратты талдау, тиімді қаржылық шешімдер қабылдау және алған білімдерін білім беру үдерісінде қолдану жолдарын меңгереді. Курс педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттырып қана қоймай, білім алушылардың қаржылық сауаттылығын қалыптастыруға қажетті практикалық дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді.

 

Индира Бадакова,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО КДИ» филиалы,

баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале