15.09.2026, 16:15
Оқылды: 17

БҚО-да отбасы институтын нығайтуға бағытталған жұмыстар жүргізілуде

Жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде Қазақстанда «Отбасы күні» аталып өтеді. Отбасы күнін мерекелеу – қоғамның іргелі негізі болып табылатын отбасы институтын нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігіне айналды.

отбасын қолдау орталығы (3) Батыс Қазақстан облысында да еліміздің барлық өңірлеріндегідей, 7 қыркүйектен бастап бірқатар іс-шаралар мен ауқымды ақпараттық науқан жүзеге асуда. Аталған жұмыстар отбасы институтын нығайтуға, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруға, жастардың отбасын құруға саналы көзқарасын қалыптастыруға, мемлекеттік отбасы саясаты саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы халықты ақпараттандыруға, ерлер мен әйелдердің репродуктивтік денсаулығын қорғауға, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, сондай-ақ қолжетімді мемлекеттік әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат беруге бағытталған.

отбасын қолдау орталығы (3)

Осы күн аясында Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия өкілдері Тасқала аудандық Отбасын қолдау орталығында ұйымдастырылған тақырыптық кездесуге қатысты. Іс-шараның негізгі идеясы – «Мықты отбасы – проблемасы жоқ отбасы емес. Бұл – бір-бірімен сөйлесе білетін, бір-біріне қолдау көрсететін, жеке шекараны құрметтейтін, балаларды бірге тәрбиелейтін, қиындықтарды бірге еңсеретін және қажет болған жағдайда көмекке жүгіне алатын отбасы» деген ұстанымға негізделді. Басты міндет – көмек көрсетуді нақты әрі кәсіби түрде, белгілі бір алгоритм бойынша ұйымдастыру: нақты жағдай – маманның түсіндірмесі – кеңес – практикалық көмек.

отбасын қолдау орталығы (2)

Кездесу барысында тұрғындармен отбасылардың күнделікті өмірінде кездесетін нақты мәселелер бойынша ашық пікір алмасу ұйымдастырылды. Атап айтқанда, үй шаруасы мен ата-аналық міндеттерді бөлу, қаржылық қиындықтар, бала тәрбиесі, балалардың қоғамға бейімделуі, отбасылық жанжалдар, ажырасу, цифрлық қауіптер, сталкинг және басқа да өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, Отбасын қолдау орталығының жұмысын ұйымдастыруға және оның ақпараттық сүйемелдеуіне қатысты ішкі мәселелер де қарастырылды.

БҚО ҚДБ

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале