15.09.2026, 18:00
Оқылды: 8

Тасқала ауданында «Жас шекарашылар» сыныбы ашылды

Отанға деген сүйіспеншілік, ел тыныштығына жауапкершілік пен азаматтық ұстаным - жас ұрпақ бойына бала кезден қалыптасатын асыл қасиеттер. Осы бағыттағы тағылымды жұмыстардың бірі «Сәулет» мектеп-лицейінде «Жас шекарашылар» сыныбының  ашылуы өтті.

шекара 3

Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары, полковник Ерулан Алжанов, «Сәулет» мектеп-лицейінің директоры Аққаным Бисалиева, сондай-ақ ҚР ҰҚК ШҚ БҚО бойынша департаментінің «Тасқала» шекара бөлімінің бастығы Нұрлан Иманбеков қатысты.

Шара барысында аталған қонақтар жас шекарашыларға жылы лебіздерін білдіріп, олардың ел болашағы үшін маңызды бастамаға қадам басып отырғанын атап өтті.

шекара 2

Шараның ең әсерлі сәттерінің бірі - оқушылардың «Жас шекарашылар» қатарына қабылданып, салтанатты ант беру рәсімі болды. Жас жеткіншектер елге адал қызмет етуге, қоғамдық тәртіпті сақтауға, мектеп пен отбасының абыройын биік ұстауға және өздеріне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындауға серт берді.

Ант қабылдаған оқушылар үшін бұл күн-есте қаларлық маңызды белес. Себебі жас шекарашы атану тек әскери бағытқа қызығушылық танытумен шектелмейді. Ол тәртіптілікке, табандылыққа, көшбасшылыққа, өз ісіне жауап бере білуге тәрбиелейді. Мерекелік шара патриоттық әндер шырқалды. «Жас шекарашылар» сыныбының ашылуы оқушылар үшін жаңа мүмкіндіктердің бастауы. Бұл жоба өскелең ұрпақты ел тарихын құрметтеуге, шекара қызметінің жауапты міндетін түсінуге және туған жер алдындағы азаматтық парызын сезінуге бағытталған.

шекара 1 (1)

Бүгінгі жас шекарашы - ертеңгі ел азаматы. Оның бойындағы тәртіп, білім, батылдық пен отансүйгіштік қасиеттер болашақ Қазақстанның берік негізіне айналары сөзсіз. Салтанатты түрде басталған бұл игі бастама жас жеткіншектердің жүрегіне елге қызмет ету идеясын сіңіріп, оларды жауапты әрі намысты азамат болуға жетелей бермек.

Бекжан Өтемісов,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале