16.09.2026, 11:15
Оқылды: 8

Бөкей ордасы ауданында мал ұрлығының алдын алу мәселесі талқыланды

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Қуаныш Елемесов тізгінін ұстаған отырысқа аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудан әкімінің орынбасары Кенесары Нұршинов, аудандық қоғамдық кеңес мүшелері және ауылдық округтер әкімдері мен тиісті сала басшылары (онлайн және офлайн режимінде) қатысты.

6 айда 5 ұрлық (2)
Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Сабыржан Камешов 2026 жылдың І-жарты жылдығында аудандық полиция бөлімінің атқарған жұмыстары және мал ұрлығын алдын алу бойынша атқарылған жұмыстары туралы баяндады.

Screenshot_20260916_101856_com_android_chrome_ChromeTabbedActivity_edit_200426494186146

- Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №943 бұйрығымен бекітілген «Ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024- 2026 жылдарға арналған бағдарламасы» туралы қаулысын іске асыру мақсатында мал ұрлығынын алдын алу бойынша аудан аумағында бірқатар іс-шаралар жүргізілуде, - деп сөз алған полиция бөлімінің басшысы мал ұрлығы, мал бағымына қатысты біраз уақыттан бері шешімін таппай келе жатқан бірқатар мәселені кеңес назарына ұсынды.
Баяндамашының мәліметіне сүйенсек, биылғы жылдың І жартыжылдығында мал ұрлығына қатысты бес факт тіркелген. Өткен жылғы көрсеткіштен едәуір аз. Санға шағып айта кетсек, 2025 жылдың алты айында 12 мал ұрлығы орын алған еді. Биыл тіркелген бес қылмыстың төртеуі ашылған, күдіктілер анықталып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
- Жыл басынан жергілікті атқарушы органдарға ауылдық округтерде мал бағымын ұйымдастыру, бақташы табу, малды қараусыз қалдырмау, ауыл шаруашылығы жануарларын жекелеген түрлерін чиптау әдісімен сәйкестендіру, цифрландыру және СРS трекер орнату бойынша халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сондай-ақ бағымсыз жүрген малдарды қамайтын орындар (штрафстояика), олардың шөбін, суын және қарайтын адамды табу мәселесін шешу бағытында, бірнеше рет хат жолданған болатын Алайда бұл бағыттағы мәселелер осы күнге дейін өз шешімін таппай, еш өзгеріссіз қалып отыр. Нәтижесінде жоғарыда статистикалык мәліметте көрсетілгендей, мал ұрлығы қылмыстарының орын алуы бойынша облыс көлемінде екінші орында тұрмыз. Жалпы облыс аумағында тіркелген мал ұрлығы деректерінін 20%- ға жуығы біздің ауданымызда орын алып отыр, - дейді баяндамашы Сабыржан Қамешов.

Screenshot_20260916_101849_com_android_chrome_ChromeTabbedActivity_edit_200401468314176
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз алған округ әкімдері Армат Меңдешев пен Бисен Қадыров Бисен және Мұратсай ауылдық округтері бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтері туралы және және оның сапасын арттыру бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында есеп берді. Қос әкімнің баяндамасына да тоқтала кетсек, округ әкімі аппаты бойынша елді мекен шегінде жер учаскесін беру, жер кезегіне тіркеу, жер учаскесін пайдаланудың нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру сияқты мемлекеттік қызметтер көрсетіледі екен.

Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале