17.09.2026, 21:00
Оқылды: 26

Бессайысшыларымыз жазғы Азия ойындарының финалына шықты

Бүгін Аичи-Нагоядағы ХХ жазғы Азия ойындарында қазіргі бессайыстан әйелдер арасындағы жартылай финал өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

IMG_20260917_192047_207

Фото: DRSQazaqstan

Отандастарымыз жарыстың екінші күнінде семсерлесу, кедергілер жолағы, жүзу мен laser run сайыстарында өнер көрсетті.

Еліміздің атынан Аяна Қазбекова (1363 ұпай) мен Диана Щедрова (1356 ұпай) өз топтарында бесінші орын алып, финалға жолдама алды. Юлиана Петрова 1345 ұпаймен тоғызыншы нәтиже көрсетіп, шешуші кезеңге өтті.

Әйелдер арасындағы финалдық жарыс 20 қыркүйекте өтеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале