7.04.2017, 18:26
Оқылды: 45

«Сау болу оңай!» акциясы өтті

dav

     7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні жыл сайын бүкіл әлемде аталып өтеді. Барша халықты салауатты өмір салтымен денсаулықты жақсартуға шақыратын денсаулық күнінің тарихы сонау 1948 жылдың 7 сәуірінен басталған.  Жер бетіндегі барша ұлт пен ұлысқа ортақ бұл күн өз елімізде тәуелсіздік алған жылдан бері аталып келеді.


        БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы, БҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, БҚО салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қолдауымен, БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Сити центр» ойын-сауық орталығында, «Сау болу оңай!» акциясы өткізілді.

        Акция аясында қалалық емханалар мен салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігерлері қала тұрғындарымен қонақтарына арнап тегін медициналық кеңестер берді. Қан қысымын өлшеп, экспресс-талдамалар (қан құрамындағы холестерин мен қант мөлшерін анықтау) жасалды, бой мен салмақ өлшеніп дұрыс тамақтану  бойынша арнайы мамандар кеңес берді.

      Әсіресе, көздің қан қысымын өлшеуге тілек білдіргендер аз болған жоқ. Күндізгі сағат 12-00 мен 14-00 аралығында белгіленген іс шараға адамдар сағат он бірден бастап келдген. Іс-шараның барысына Орал қалалық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының басшысы Мәдениет Танауов пен облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Ләззат Қожагелдина ризалық сезімін білдірді.

      Акция барысында«STEPUP»,  «I LoveDance» фитнес орталықтары және «MasterDance»ЖҚБ бағдарламалар бойынша  мастер-кластар ұйымдастырды.

         Лаура Есқалиева

БҚО Жастармен жұмыс жөніндегі

ресурстық орталығының кеңесшісі

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале